«Тұран» сапына екі сербиялық футболшы қосылды

17.03.2021, 16:25
Екі футболшы да бұған дейін ҚПЛ-де бақ сынаған.
«Тұран» сапына екі сербиялық футболшы қосылды

"Оқжетпестің" бұрынғы ойыншысы Милан Стоянович "Тұран" сапында алғашқы жаттығуын өткізді. Бұл футболшының мансабындағы үшінші қазақстандық клуб. 32 жастағы сербиялық жартылай қорғаушының айтуынша, ол 8 наурыз күні түркістандық клубпен келісім-шартты рәсімдегенімен, ұзақ уақыт бойы Қазақстанға кіре алмаған.

Стоянович соңғы екі маусымды көкшетаулық "Оқжетпес" клубында өткізді. Жалпы 48 матчқа қатысып, 7 гол мен 8 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды. Сербиялық футболшы 2017-2018 жылдары "Шахтер" клубының намысын қорғаған.

Өткен маусымда талдықорғандық "Жетісу" командасында ойнаған сербиялық қорғаушы Стефан Живкович "Тұран" командасындағы алғашқы жаттығуын өткізді.

30 жастағы қорғаушы өткен маусымда "Жетісу" жейдесінде 17 рет алаңға шығып, 1 нәтижелі паспен көзге түсті. Бұған дейін "Атырау", "Ертіс" командаларында доп тепкен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×