“Тұран” сербиялық қорғаушыны қатарына қосты

Түркістандық ұжым 29 жастағы Лука Чермельмен келісімге келді.

“Тұран” сербиялық қорғаушыны қатарына қосты

Лука өзінің кәсіби мансабын 2015 жылы ОФК Белград ұжымында бастаған. Одан кейін қорғаушы әр жылдары сербиялық “Синджелич”, “Бродарац”, ИМТ Белград, “Телеоптик”, “Раднички”,  өзбекстандық “Согдиана”, “Навбахор” клубтарында өнер көрсетті. 

2024 жылы отанына оралған Чермель “Нови Пазар” жейдесінде алаңға шығып жүрді. 

Сербиялық “Тұран” сапында 4 нөмірмен өнер көрсетеді. 

Трансфермаркт порталы қорғаушыны 125 мың еуроға бағалайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×