«Тұран» Сұлтан Әбілғазымен келісім-шарт жасасты

28.01.2022, 20:14
Футболшы өткен маусымда Қазақстан чемпионы атанды.
«Тұран» Сұлтан Әбілғазымен келісім-шарт жасасты

Түркістандық «Тұран» 24 жастағы қазақстандық қорғаушы Сұлтан Әбілғазымен келісім-шартқа отырды.

Сұлтан 2017 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін «Оқжетпес» сапында өнер көрсетті. Көкшетаулық клуб жейдесінде небәрі 5 ойын өткізген.

Содан кейін «Тобылға» келіп, өткен маусымның соңына дейін қостанайлық команданың намысын қорғады. Клубпен бірге Қазақстан чемпионы атанды, сондай-ақ ел суперкубогін жеңіп алды.

Әбілғазы «Тобыл» сапында 52 матч өткізіп, 3 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×