Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, 27 жастағы Қырғызстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Тамирлан Козубаев "Тұранның" жаңа ойыншысы атанды.
Бұл жазғы трансферлік терезеде "Тұранмен" келісім-шартқа отырған екінші қырғызстандық футболшы. "Дордойдың" жартылай қорғаушысы Фархат Мұсабеков ел кубогі аясында "Қайратқа" қарсы өткен екі жеңісті матчқа қатысып, түркістандық клуб сапында дебют жасап үлгерді.
Козубаев орталық қорғаушы позициясында ойнайды және өз құрамасындағы ең танымал және тәжірибелі футболшылардың бірі. Ол соңғы маусымда ФНЛ-де "Шинниктің" намысын қорғады, ал оған дейін Литва, Сербия, Малайзия және Индонезия чемпионаттарында бақ сынаған.
Біздің серіктес: FONBET