«Тұран» титулдық демеушімен келісім-шартқа отырды

05.08.2021, 03:32
Енді клуб жейдесінің алдыңғы бөлігі бос тұрмайтын болды.
«Тұран» титулдық демеушімен келісім-шартқа отырды

FlyArystan әуекомпаниясы "Тұран" футбол клубының титулдық демеушісі атанды.

Енді FlyArystan логотипі түркістандық клубтың ойын жейдесінің алдыңғы жағына түсетін болады. Сондай-ақ "Түркістан Арена" стадионы осы компанияның логотипімен безендірілмек.

Жалпы FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы - Қазақстанның алғашқы лоукостері және Air Astana әуекомпаниясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Компанияның алғашқы рейстері 2019 жылдың мамыр айында іске қосыла бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×