«Тұран» Тони Силвамен қоштасты

06.07.2022, 02:20
Ол түркістандық клубтағы ең көп жалақы алатын ойыншылардың бірі болды.
«Тұран» Тони Силвамен қоштасты

Түркістандық «Тұран» 28 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Тони Силваның командадан кеткенін хабарлады.

Ресми ақпаратқа сенсек, келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылған.

Еске салайық, Силва «Тұранға» осы жылдың наурыз айында қосылған болатын. Осы уақыт ішінде ол түркістандық клуб үшін 10 матч өткізіп, 3 нәтижелі пас берді.

Бұған дейін «Тұран» әзербайжандық қақпашы Эмиль Балаев, ресейлік қорғаушы Александр Клещенко, қырғызстандық жартылай қорғаушы Фархат Мұсабеков, қазақстандық ойыншылар Максим Федин және Еркін Тапаловпен қоштасқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×