Түркістандық «Тұран» 27 жастағы ивуарлық қорғаушы Седрик Гогуамен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Гогуа 2017 жылдан 2018 жылға дейін «Қайрат» сапында өнер көрсетті, алайда алматылық клубта бір ғана ойын өткізді.
Кейін қорғаушы латвиялық «Даугавпилс» пен ресейлік «СКА-Хабаровск», «Тамбов» және «Ротор» командаларында доп тепті. Ойыншының соңғы клубы ЦСКА болды. Бірақ Гогуа өткен жылдың қарашасында мәскеулік клубпен келісім-шартын бұзып, еркін агент атанды.
Седрик өз мансабында 109 матч өткізіп, 7 гол мен 2 нәтижелі пасты өщ еншісіне жазған. Transfermarkt порталы оның құнын 300 000 еуроға бағалады.
Біздің серіктес: FONBET