Түркістандық «Тұран» Кот-д'Ивуарлық қорғаушы Седрик Гогуамен келіссөз жүргізуде, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Түркістандық команданы бұған дейін «Ақтөбе» мен «Тобылда» жұмыс істеген ресейлік Владимир Газзаев жаттықтыруда.
Өткен жылдың қараша айында 27 жастағы Гогуа ЦСКА командасынан кетті (4 матч, 1 гол). Ол сондай-ақ «Роторда» жалдау шарты бойынша өнер көрсетті, бірақ волгоградтық клуб РПЛ-ден ұшып кетті.
Седрик бұған дейін Қазақстанда ойнағанымен, «Қайраттың» негізгі құрамына ене алмады.
«Тұран» «Ахмат» клубында доп тебетін шабуылшы Сенин Себаймен де келіссөз жүргізуде. Түркістандық клубтың бас бапкері бұған дейін «Тобылда» африкалық шабуылшымен бірге жұмыс жасаған.
Біздің серіктес: FONBET