Украиналық жартылай қорғаушы Евгений Чумак мансабын "Тұран" командасында жалғастырады. Футболшы түркістандық клуб сапында 89-нөмірмен өнер көрсетпек.
25 жастағы орталық жартылай қорғаушы 6 жыл бұрын Украина кубогін жеңіп алды және өз елінің жастар құрамасына шақыртылған.
Евгений соңғы 2 жылын Өзбекстан чемпионатында өткізді. Ол жерде "Бунёдкор" және "Металлург" командаларында доп тепті, ал оған дейін грузиялық "Шевардени" клубында ойнады.
Біздің серіктес: FONBET