Қазақстан Премьер лигасында биылғы маусымның ең маңызды ойындарының бірі ертең өтпек. Түркістандық "Тұран" қонақта "Жеңіспен" кездеседі. Бұл матч "Тұранның" элитадағы тағдырын анықтайды.
Егер Түркістандықтар жеңіске жетсе, клуб басшылығы футболшыларға 20 миллион теңге көлемінде сыйақы беруге уәде етіп отыр. Бұл – командаға қосымша мотивация болмақ.
"Тұран" биылғы маусымда қиын кезеңдерді бастан өткерді. Команда турнир кестесінде қауіпті аймақтан шыға алмай келеді, сондықтан ертеңгі ойын – Премьер лигада қалудың соңғы мүмкіндігі.
Команда жанкүйерлер бұл кездесуді маусымдағы нағыз финал деп санап отыр. Егер "Тұран” үш ұпай алса, келесі жылы да Қазақстанның басты футбол чемпионатында өнер көрсетеді. Ал жеңіліс немесе тең ойын клубты Бірінші лигаға түсіріп жіберуі мүмкін.
Матч күні, уақыты: 17:00, 27.09.2025