«Тұран» жаңа маусымды қарызсыз бастамақ

25.02.2022, 14:31
Клуб жаңа маусымға дайындықты Қазақстанда жалғастыруда.
«Тұран» жаңа маусымды қарызсыз бастамақ

«Тұран» футбол клубы ойыншылар мен қызметкерлер алдындағы 2021 жылғы берешегін толық көлемде өтеді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Былтыр клубтың ойыншылар мен қызметкерлер алдында қарызы жиналып қалған еді. Қазір команда штаттық режимде жаттығып, жаңа маусымға дайындалып жатыр.

«Футболшылар мен қызметкерлер алдындағы қарыз толық көлемде өтелді. Қазір футболшылар жаттығу жиынынан оралды, бәрі жоспардағыдай. Сұрақ жауабын тапты», - деді клубтың директоры Айбек Тілеужан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×