«Тұранның» әмбебап ойыншысы Еркін Тапалов жазғы трансферлік терезеде командадан кетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Түркістандық клуб жалақы жүйесін реттеу үшін бірнеше ойыншылармен қоштасуды жоспарлап отыр.
Тапаловқа ҚПЛ клубтарынан бірнеше ұсыныс түсті. Олардың қатарында «Ақжайық», «Шахтер» және «Қызыл-Жар» бар. Ойыншының агенті аталған командалармен белсенді түрде келіссөздер жүргізуде.
Өткен жылы Еркін Қазақстан құрамасындағы алғашқы ресми ойынын өткізді. Содар кейін 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде үш ойын өткізіп үлгерді.
Біздің серіктес: FONBET