Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Тұранның» бас бапкері Абдухалық Бөрібаев маусымның аяқталуын күтпей, клубтан кету туралы шешім қабылдады.
52 жастағы маман Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу бойынша осы маусымға қойылған тапсырманы орындады десек те болады, себебі чемпионаттың аяқталуына дейін 6 тур қалды және түркістандық клуб он үшінші орында тұрған командадан 5 ұпайға озып кетті.
Бөрібаев қол астындағы қызметкерлермен және клубтың жаңа басшылығымен дұрыс байланыстың болмауынан осындай шешім қабылдады. Бүгін бас бапкер ойыншыларға командадан кететінін хабарлады.
Біздің серіктес: FONBET