Бізге келіп жеткен ақпарат бойынша, түркістандық клубтың басшылығында біраз ауыс-түйіс орын алуы мүмкін.
Бұл облысқа жаңа әкім тағайындалуымен байланысты болып отыр. Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалғаны мәлім. Енді өңірдегі басты футбол ұжымында кардлық өзгерістер орын алуы ықтимал.
Айта кетсек, өткен маусымда түркістандық команда Қазақстан премьер-лигасында 12-орын алды. Ринат Алюетовтың бас бапкерлігімен 24 матчтың бесеуінде басым түссе, тағы осыншама кездесуде тең тарқасқан. Сондай-ақ, 14 матчта жеңіліс тапқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET