«Тұранның» жартылай қорғаушысы «Тобылға» ауысты

21.07.2022, 04:49
Қостанайлық клуб Рубен Бриджидомен қоштасты.
«Тұранның» жартылай қорғаушысы «Тобылға» ауысты

28 жастағы нигериялық жартылай қорғаушы Чиди Осучукву «Тобылға» ауысты.

Футболшы ҚКФЛ ресми сайтындағы қостанайлық клубтың құрамына 93-ші нөмірмен енгізілді.

Бұл ретте Қазақстан чемпионы 31 жастағы португалиялық вингер Рубен Бриджидоны тізімнен алып тастады. Ол «Тобыл» сапында 36 матч өткізіп, 1 гол мен 4 нәтижелі пастың авторы атанды.

Чиди Осучукву мансабын 2010 жылы нигериялық «Долфинс» клубында бастады. Содан кейін «Брагамен» келісім-шартқа отырып, Португалияға қоныс аударды, бірақ тек қосалқы командада ойнады. Одан кейін Белорусьте «Динамо», «Рух» және ресейлік «Томь» клубтарының намысын қорғады.

2021 жылғы маусымда жартылай қорғаушы «Ордабасыға» ауысып, шымкенттік клуб үшін 22 матчта 3 нәтижелі пас берді. Осучукву осы маусымды «Тұранда» бастады. Түркістандық команда жейдесінде 11 матч өткізіп, 2 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×