Түрікменстан құрамасының ойыншысы қазақстандық клубпен келіссөздер жүргізуде

14.02.2021, 17:53
Футболшы бұған дейін Қазақстанда ойнаған.
Түрікменстан құрамасының ойыншысы қазақстандық клубпен келіссөздер жүргізуде

Түркіменстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Руслан Мингазов "Каспий" клубымен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz. Жақын уақытта футболшы Түркияда жүрген ақтаулық клубқа қосылуы керек.

Бұған дейін Мингазовтың Бахрейн чемпионатында өнер көрсететін "Аль-Мухаррак" клубына ауысқаны белгілі болған еді.

29 жастағы ойыншы өткен жазда "Шахтер" сапына қосылған болатын. Ол қарағандылық клуб үшін 13 матч өткізіп, екі гол соқты, екі нәтижелі пас берді. Мингазов сонымен қатар "Ертіс" клубында ойнады, онда 13 матч өткізіп, екі гол соқты.

Қазақстанға дейін Мингазов чехиялық "Славия" клубында доп тепті және ел чемпионы атанды. Сондай-ақ, ол латвиялық "Сконто" және "Ашхабад" клубтарында өнер көрсетті. 2013 жылы Мингазов "Тоттенхэм" клубына қаралымға барды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×