Түркиялық агент: “Зайнутдинов “Зениттің” ұсынысын қабыл алмағаны дұрыс болмады”

27.08.2024, 22:04

ФИФА-ның түркиялық агенті Гекхан Табакджиоглу Legalbet.kz сайтына отандасымыз Бақтиер Зайнутдиновтың болашағына байланысты сөз қозғады. 

Түркиялық агент: “Зайнутдинов “Зениттің” ұсынысын қабыл алмағаны дұрыс болмады”

“Бақтиер “Бешикташқа” керек жоқ ойыншы. Ыстамбұлдық ұжым Зайнутдиновты сатып ақша табуды көздеп отыр. Ойыншының “Зениттің” тиімді ұсынысын қабыл алмағаны дұрыс болмады. Егерде ол келіскен жағдайда барлығы керемет болар еді. Бақтиердің өзі Ресейге жолағысы жоқ. Білемін, ол жақсы жігіт. Алайда Зайнутдинов өз болашағы үшін дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Ресейге барса оның бағы қайта ашылар еді. Түркия чемпионаты Бақтиердің деңгейі емес”.

Бақтиер 2023 жылдың тамыз айынан бері “Бешикташта” барлығы 37 ойын өткізіп, 1 гол соқты. Қорғаушының қырандар сапындағы келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. 

Ыстамбұл командасымен бірге Зайнутдинов 2023/24 жылғы маусымда Түркия Кубогы, 2024/25 жылғы маусымда Түркия Суперкубогын жеңді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×