Түркияның "Hayatımız Futbol" атты X парақшасы "Қайрат" клубының жас шабуылшысы әрі Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Рамазан Бағдаттың болашағына назар аударды.
Түркиялық сарапшылардың жазуынша, 18 жастағы футболшы академиядан негізгі командаға сәтті бейімделіп келеді. 184 сантиметр бойлы Рамазан әуедегі доп үшін күресте сенімді, әрі шабуыл кезінде жылдамдығы мен орналасуымен қарсыластарға қиындық туғызады. Сонымен қатар ол шабуыл шебінде арқасымен ойнауды да, әлсіз сол аяғын тиімді пайдалануды да жақсы меңгерген.
Материалда жас ойыншының болашағы зор екені, оның "Қайраттың” басты үміттерінің бірі саналып отырғаны да атап өтілген.