2023 жылдың 1 сәуірінде құрылған команда өз чемпионатында ең көп жеңісті серия тіркегені үшін осындай мәртебиеге ие болмақ.
Президенттік ұжым 2023 жылдан бері 3 мәрте ішкі чемпионатта жеңімпаз атанды. Одан тағысы, 3 мәрте Кубок пен Суперкубок иегері болды. Қазірде команда жоғары Лигада 96 матч қатарынан жеңіске жетті. Ал бұл нәтиже Гиннестер Рекордтар кітабына енуі мүмкін екенін айта кетейік.
Бұған дейін, бұндай жеңісті сериялар жарысында “Аль-Хиляль” 34 матчтық көрсеткішімен рекорд орнатқан болатын.
Түркімен ұжымы чемпионатта ешкімге жес бермегенімен Азия құрлығының Чемпиондар Лигасында әлсіз команда ретінде өнер көрсетуде. Мәселен, осыдан үш күн бұрын плей-офф сатысында “Аркадаг” Риядтық Аль-Насрға 0:1 есебімен жеңілді.