«Түркістан» 4 айдан кейін жеңіске жетті

11.09.2025, 21:21

Қазақстан Бірінші лигасының 21-тур ойынында «Түркістан» командасы өз алаңында «Хан-Тәңірімен» кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

 

«Түркістан» 4 айдан кейін жеңіске жетті

Кездесуде екі команда да қауіпті сәттер ұйымдастырғанымен, матчтың тағдырын 84-минуттағы жалғыз гол шешті. Оны «Түркістан» ойыншысы Хасан Сабиржанов соғып, командасына маңызды үш ұпай сыйлады.

Айта кетейік, түркістандықтар осы маусымда небәрі екінші мәрте ғана жеңістің дәмін татты. Бұған дейін олар 8 маусым күні «Тараздан» 1:0 есебімен басым түскен еді.

Бұл жеңістің арқасында «Түркістан» турнир кестесінде ең соңғы орыннан бір саты көтерілді. Олардың еншісінде 9 ұпай бар. Ал «Хан-Тәңірі» 14 ұпаймен 12-орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×