Түркістан облысының әкімі «Тұран» клубымен кездесу өткізді

03.05.2021, 05:27
Өмірзақ Шөкеев командаға сенім білдіретінін хабарлады
Түркістан облысының әкімі «Тұран» клубымен кездесу өткізді

Бүгін Түркістан облысының əкімі Өмірзақ Шөкеев футболдан Қазақстан чемпионатында облыс намысын қорғайтын "Тұран" командасымен кездесу өткізді. Облыс басшысы түркістандық талантты футболшылармен болған жиында өзі командаға жанкүйер екенін айта келе, əрдайым сенім білдіретіндігін жеткізді.

- Футбол ойынында əрине жеңістер мен жеңілістер қатар жүреді. Біздің командамыз еліміздегі UEFA-ның халықаралық талаптарына сай бой түзеген стадионда өнер көрсетеді.

Футбол бұл - командалық ойын. Сондықтан да, менің айтарым "Тұран" футбол командасының Қазақстан чемпионатында жақсы жетістіктерге жетуі үшін барлық жағдайды жасайтын боламыз. Расында да, біздің жігіттердің жеңіске күш-жігерлері жетеді, - деді Өмірзақ Естайұлы.

Басқосу барысында "Тұран" футбол командасының құрамы өте талантты жергілікті футболшылармен, жасақталғандығын, оларды білікті бапкерлер жаттықтыратындығына да тоқтала өтті. Жиынға арнайы қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы,Түркістан облыстық футбол федерациясының президенті Хаким Көшқалиев те ойыншыларымызға мол сенім білдіріп, келешекте өңірімізде футбол əлемдік деңгейде жандана түсетіндігін айтты. Сонымен қатар Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев облыс басшысына биылғы чемпионатта барынша жоғарғы орындардан көріну үшін жұмыс жасайтындарын жеткізді.

Естеріңізге саламыз чемпионаттың 9 турында "Тұран" командасы сырт алаңда шымкенттік "Ордабасымен" кездеседі. Матч 3-ші мамыр күні, сағат 18:00 басталады. Кездесу Шымкенттегі БИІК футбол орталығындағы «Намыс» стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×