Түркістандық клуб жекешелендірілмек

Бүгін, 14:36

Түркістан облысының намысын қорғайтын "Тұран" клубын жекеменшікке өткізу процесі басталды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Түркістандық клуб жекешелендірілмек

Kazinform агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүріп жатыр және соңғы шешім жақын арада шығарылмақ.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы клубты жекешелендіру бойынша арнайы іс-шаралар жоспары әзірленгенін мәлімдеді. Ресми өкілдердің айтуынша, бірнеше ірі компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

"Қазіргі уақытта бірқатар инвесторлармен шарттар талқылануда. Нақты келісімге қол жеткізілгеннен кейін клубтың жаңа иесі ресми түрде жарияланады.” — деп нақтылады басқарма өкілдері.

Мәліметтерге сүйенсек клубты сатып алуға ниет білдірген компаниялардың қатарында отандық FlyArystan әуе компаниясы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×