Бірінші лиганың “Екібастұзға” қарсы 23-тур кездесуіне келмеген “Түркістан” ҚФФ тәртіптік және этикалық комитетінің шешімімен техникалық жеңіліс жазасын алды.
“Түркістан” 2024 жылдың 5 қыркүйек күні Екібастұздағы “Шахтер” стадионында өтуі тиіс ойынға келмеген. Сол себептен Федерацияның арнайы комитеті жиын өткізіп, осы мәселе бойынша оңтүстік ұжымға 3:0 есебімен техникалық жеңіліс есептеді.
Дәл қазіргі сәтте Павлодар ұжымы Бірінші лиганың турнирлік кестесінде 35 ұпаймен 8 орында келеді. Ал “Түркістан” болса, 15 ұпаймен 12 позицияға жайғасты.
Келесі кездесуін “Екібастұз” 20 қыркүйек күні “Таразға” қарсы өз алаңында өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET