Түркістаннан кетуге мәжбүр – Батыстың клубы басқа қалаға көшпек

Бүгін, 09:53

Атыраулыұ “Мұнайшылардың” айналасында шулы жаңалықтар толастар емес, деп хабарлайды Aladop.kz.

Түркістаннан кетуге мәжбүр – Батыстың клубы басқа қалаға көшпек

Қаржылық қиындықтармен қатар, клубтың ендігі географиялық орналасуы да күрт өзгеруі мүмкін. Елдар Аманбаевтың мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта Түркістан қаласында уақытша тұрақтап жатқан “Атырау” футбол клубы жақын арада басқа аймаққа көшуді жоспарлап отыр.

Клуб басшылығының команданы шұғыл түрде басқа қалаға көшіру туралы ойлануына база мәселесі тікелей әсер еткен. “Атырау” ұжымының Түркістандағы жаттығу базасын жалға алу мерзімі өз мәресіне жеткен. Осыған байланысты, клуб басшылығы команданың дайындық процесін тоқтатпау үшін жаңа баспана іздеуге мәжбүр болып, Қызылорда қаласына қоныс аудару нұсқасын өте белсенді түрде қарастырып жатыр.

Басшылық футболшылардың жаттығуын Қызылордада ұйымдастырып, ал ресми ойындар үшін Түркістанға қатынап ойнауды ең тиімді жол деп санап отыр. Бұл мәселе бойынша соңғы әрі түпкілікті шешім өте жақын күндері қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×