“Түркістанның” түгі қалмапты

12 ойын қатарынан жеңіске жете алмаған “Түркістан” клубы қазақ футболына керек пе?

“Түркістанның” түгі қалмапты

Бірінші лиганың осы маусымында оңтүстік ұжым 1 ғана кездесуде жеңіске жетті. Оның өзі 5-турда “Таразбен” өткен баяғы ойын. Содан бері 12 матч өткізген “Түркістан” бірде-бір ойында жанкүйерлерін қуанта алмай келеді. Киелі шаһардың ұжымы Бірінші Лигадағы 13 ұжымның барлығына күрессіз берілуде. 

Құрамдағы ойыншылардың деңгейі мүлдем төмен. Барлығы ойдан-қырдан жиналған футболшылар. Дубльге іліге алмай, баз кешіп келгендерде жоқ емес. Міне, соның нәтижесінде “Түркістан” Бірінші лиганың гол соғы мен гол жіберу көрсеткіші бойынша барлығынан артта келеді. Чемпионатта 18-тур өтті клубтың ойыншылар жабылып жүріп, 12 голды әрең соққан. Бұ, не масқара?! Бұндай команда қазақ футболына керек пе? 

Мейлі, “Түркістан” жыл сайын кемінде 2 ойыншыдан түлек жасап, басқа командаларға сатып, солардан пайда көріп жатса, түсінуге болады. Алайда ұжымның өткен маусымдағы құрамының тең жартысы қазірде клубсыз сенделіп жүр. Алды кәсіби футболшы бола алмай, Медиалигадан пана іздеді. Ең сорақысы, Дастан Сәтпаевтай жасындай жарқырауы тиіс жас жігіттер аладоп аламанының қызығына кірмей жатып, мансабына нүкте қойды. Осындай жағдайлардан кейін “Түркістаннан” кәсіпқой клуб мәртебиесін алып тастаса да жарасатын шығар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×