Түркия Суперлигасы. "Галатасарай" қатысуындағы триллер
08.11.2015, 05:48
Хамзы Хамзаоғлу шәкірттері матч барысында екі рет есепте алға шықса да, төреші қосқан қосымша уақытта жеңісті жіберіп алды.
Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі "Астананың" қарсыласы Түркия Суперлигасының 11-ші турында қонақта "Ризеспор" командасына 3:4 есебімен есе жіберді. Бірінші таймда Снайдер, екінші таймда Олджан Адин стамбұлдықтарды есепте алға шығарса да, алаң иелері 92-ші минутта есепті теңестіріп, 95-ші минутта жеңісті жұлып әкетті.
"Галатасарай" 11 турдан кейін турнир кестесінің екінші сатысында тұр. Алайда, ертең "Фенербахче" Снайдер бастаған жігіттерді ол орыннан ығыстыруы мүмкін.
"Галатасарай" мен "Астана" арасындағы екінші ойын желтоқсанның 8-і күні Стамбұлдың "Али Сами Йен" стадионында өтеді. Астанадағы бірінші ойында елордалық ұжым түріктермен тең түсіп, топтық кезеңдегі алғашқы ұпайына қол жеткізген еді.
Түркия Суперлигасы. 11-ші тур."Ризеспор" — "Галатасарай" 4:3(2:1)
Голдар: Снайдер, 4(0:1). Акьюз, 19(1:0). Акьюз, 45(2:1). Подольски, 65(2:2). Олджан Адин, 75(2:3). Квеуке, 90+2(3:3). Кадах, 90+5(4:3).