Турлов, Ломтадзе, Кан және Қозбақов кім қай клубты иеленбек?

09.09.2025, 20:15

Қазақстан футболында үлкен өзгерістер басталғалы тұр. Алғашқы қадам ретінде бірқатар кәсіпкерлер елдегі төрт кәсіби футбол клубын жеке басқаруға алмақ. Бұл ел спортының дамуындағы жаңа кезең ретінде қарастырылып отыр.

Турлов, Ломтадзе, Кан және Қозбақов кім қай клубты иеленбек?

Белгілі блогер Ербол Еділовтің хабарлауынша, қазіргі таңда төрт клубтың тағдыры шешіліп қойған.

"Шахтёр” (Қарағанды) – миллиардер Тимур Турловқа беріледі. Ол Freedom Holding Corp компаниясының иесі.

"Жеңіс" (Астана) – Kaspi.kz акционері әрі басқарма төрағасы Михаил Ломтадзеге сеніп тапсырылмақ.

"Қызылжар" (Петропавл) – энергетика, қаржы және химия саласында бизнес жүргізіп жүрген Сергей Канның қолына өтеді.

"Қайсар" (Қызылорда) – жергілікті жас кәсіпкер, құрылыс саласының өкілі Исламғали Қозбақовқа сенім артылды.

Жоба аясында Исламғали Қозбақов шамамен 12 миллиард теңге қаржы құйып, заманауи футбол академиясын салуды көздеп отыр. Бұл бастама Қызылордалық футболдың инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеруі ықтимал.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Қазақстандық кәсіпкерлердің байлығы төмендегідей бағалануда:

Михаил Ломтадзе – 3,9 миллиард доллар,

Тимур Турлов – 7,6 миллиард доллар,

Сергей Кан – 222 миллион доллар.

Ал Исламғали Қозбақовтың капиталы жөнінде мәлімет жоқ.

Бұл шешім Қазақстан футболының дамуында жаңа кезең бастауы мүмкін. Әдетте кәсіби клубтар мемлекеттік бюджетке тәуелді болып келген еді. Ал бизнесмендердің қатысуы қаржыландыруды әртараптандырып қана қоймай, клуб менеджментінің тиімділігін арттыруы ықтимал. Сонымен қатар футбол академияларына инвестиция құйылуы жасөспірімдер футболын көтеруге жол ашады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×