Maxi Чай компаниясының басшысы “Қайрат” клубына өз атынан сыйлық тарту етті.
Еске салсақ, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов “Реал Мадридті” жеңген “Қайрат” футболшыларының барлығына көлік сыйлайтынын жеткізіп еді. Алайда Алматыдағы матчта жергілікті клуб Тұрсынның шартын орындай алмады (0:5).
Бірақ соған қарамастан, Maxi Чай - ЦЕСНА компаниясымен бірігіп, Қайрат Боранбаев командасына 2 шағын автобусты сыйға тартты. Алдағы уақытта Toyota Hiace көліктері команда игілігіне берілмек.