U-17. Ирландия ірі жеңіспен бастады

21.10.2011, 06:57
U-17. Ирландия ірі жеңіспен бастады
Европа Чемпионаты-2012 іріктеу турнирі 4-тобы бірінші матчынан бастап-ақ нәтижелі ойын көрсетті. Бірінші таймның өзінде ирландықтар Лихтенштейн командасының қақпасына жауапсыз 5 гол жіберді. «Стандартық» жағдайды үздік орындаған жартылай қорғаушы Райан О'Райлли 12-минутта есеп ашты. Сосын алаң иелерінің жетістігін Гари О'Нил арттыра түсті. 7 минут өткен соң, ирландықтарының үздік ойыншыларының бірі Сэм Берн үшінші голды да тоғытты. Ал 32-минутта Джонатан Ледди пенальтиді оңтайлы қолданды - 4:0. Алғашқы 40-минуттың соңына дейін аралдықтар күшінен қайтпай, бесінші рет көзге түсті: бұл жолы Кайл Келлен-Макфадден өз мүмкіндігін құр жібермеді. Ал екінші таймға ирландықтар белсенділігін сәл бәсеңдетіп шықты, ойыншылар жеке ойнап, көзге түсуге тырысып баққандықтан, қателіктер жіберіп жатты. Әрі қарсыластары да британдықтардың ойын стиліне біршама үйренісіп, қақпаларының алдында жұмыла бастады. Ирландықтардың құрамында екі тайм бойы оң жақ жартылай қорғаушысы Дилан Макглейд ерекше көзге түсіп, ойынымен көрермендердің алдында жұлдызы жанды. Ирландықтар екінші таймда да өте көп мүмкіндік алғанымен, тек 3 гол салды. Нәтижесінде, шабуылшы Сэм Берн хет-триктің авторы атанды. Ирландия - Лихтенштейн 8:0 (5:0) Голдар: О'Райли 11, О’Нил 21, Берн 28, Ледди 32 пенальти, Келлен-Макфадден 37, Грилиш 50, Берн 60 пенальти, Берн 80+2 Ескертулер: Уитл 67 – Вульф 50, Зеле 72 Ирландия: Феген, Уитл, Койн (Д. О’Райли 41), Келлен-Макфадден, Р. О'Райли, Макглейд, Ледди (О’Коннор 69), Берн, О'Нил, Грилиш (Уилкинсон 58), Хейз Резерв: Моррис, Макконнел, Лонг, Малруни Лихтенштейн: Майер, Мааг (Оэхри 41), Вульф, Фер, Зеле, Вольфингер (Банцер 63), Кайзер, Нипп (Гепель 75), Саланович, Цан, Шедлер Резерв: Поспельт, Гееб, Тшутшер, Риттер Төрешілер: Сергей Слива, Аудрюс Ягинтавичюс (екеуі де - Литва), Алексей Шабанов (Қазақстан) 19 қазан. Алматы. Орталық стадион. 300 көрермен
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×