Қазақстан Кубогінің үшінші туры аясында "Каспий" "Жетісу" клубымен кездесті. Матч Ақтаудағы "Жас Қанат" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.
Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды 76-минутта Уаджди Сали соқты. Оның алыстан шірене тартқан соққысы қақпа торында тулады.
Қатарынан үшінші ойында жеңіске жеткен Срджан Благоевич шәкірттері 9 ұпаймен Д тобында жеке-дара көш бастап тұр. Үш ұпайы бар талдықорғандық клуб екінші орынға жайғасты.
Біздің серіктес: FONBET