Уақыт созуды әдетті әрекетке айналдырмақшы

Ресей Кубогынде енді болбоилардың қызметтері жеңілдемек.

Уақыт созуды әдетті әрекетке айналдырмақшы

Көршілес елдің Кубок турнирінде шетел практикасы қолданылмақ. Онда болбоилардың сызықтан асқан допты футболшыға жеткізіп беруі міндеттелмейді. Олар алаң шетінде орналасқан арнайы тумбаларға ойын снарядын қоюмен шектеледі. Ал аяқдопшы алаң сыртына шыққан допты өзі барып алуы тиіс. 

Бұл жаңашылдық матч барысында ұтылып жатқан команда үшін тиімсіз. Себебі, болбоилардың көмегінсіз допты алаңға жеткізуге біршама секундтар жұмсалады. 

Футболда алаң шетінде қызмет атқаратын адамдардың көмегімен жылдам шабуыл бастап, гол соққан командаларда бар. 

Айтпақшы, жаңа практика бүгінгі “Балтика” - “Зенит” арасындағы кездесуде тексеріледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×