УЕФА алдағы маусымда бес ойыншы алмастыру туралы ереженің жалғасатынын хабарлады

25.09.2020, 23:44
Бұл ереже тек Чемпиондар лигасында, Еуропа лигасында және Ұлттар лигасында қолданылады.
УЕФА алдағы маусымда бес ойыншы алмастыру туралы ереженің жалғасатынын хабарлады

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының атқару комитеті 2020/2021 жылғы маусым аяқталғанға дейін бір матчта бес ойыншы ауыстыру ережесін бекітті, деп хабарлайды УЕФА-ның баспасөз қызметі.

Бұл ереже алғаш рет COVID-19 пандемиясына байланысты үзілістен кейін күшіне енген болатын. Шешімнің негізгі міндеті - футболшылардың жарақаттану дәрежесін төмендету.

Командалардың Ұлттар лигасында, Чемпиондар лигасында және Еуропа лигасында 2020/2021 маусымы аяқталғанға дейін бес ойыншы ауыстыру мүмкіндігі бар.

Бұған дейін Халықаралық футбол қауымдастығы кеңесі (IFAB) бес футболшы ауыстыру ережесін 2021 жылдың жазына дейін ұзартқан болатын. Сонымен бірге командалардың қосалқы құрамдағы ойыншылардың саны туралы ереже өзгерген жоқ. Командалар матчқа ең көп дегенде 23 ойыншы шақыра алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×