Бүгін, 28 тамыз күні, Чемпиондар Лигасының жаңа маусымының жеребе тарту рәсімі өтеді. UEFA ресми мәліметіне сәйкес, салтанатты шара Монакодағы Grimaldi Forum орталығында сағат 18:00-де басталады. Бұл Астана уақытымен 21:00.
UEFA былтырдан бері дәстүрлі топтық кезеңді жойып, жаңа формат енгізді. Енді 36 команда бірыңғай лига кестесінде бақ сынайды. Әр клубқа 8 қарсылас жеребе арқылы анықталады. Бұл формат турнирді одан әрі тартысты әрі күрделі етіп, командалардың тактикалық жоспарларына елеулі әсер етеді.
Қатысушы клубтардың жалпы тізімі:
Англия: Liverpool, Arsenal, Manchester City, Chelsea, Tottenham, Newcastle United
Испания: Barcelona, Real Madrid, Atlético Madrid, Athletic Club, Villarreal
Италия: Napoli, Inter Milan, Atalanta, Juventus
Германия: Bayern München, Bayer Leverkusen, Eintracht Frankfurt, Borussia Dortmund
Франция: Paris Saint-Germain, Marseille, Monaco
Нидерланд: PSV Eindhoven, Ajax
Португалия: Benfica, Sporting CP
Бельгия: Club Brugge, Union Saint-Gilloise
Түркия: Galatasaray
Чехия: Slavia Prague
Греция: Olympiacos
Дания: Copenhagen
Норвегия: Bodø/Glimt
Кипр: Pafos
Қазақстан: Kairat Almaty
Әзербайжан: Qarabağ
Барлығы 36 клуб лига фазасында өнер . Олар төрт “потқа” бөлінген. (әрқайсысында 9 клуб):
Пот 1: Paris Saint-Germain, Real Madrid, Manchester City, Bayern München, Liverpool, Inter Milan, Chelsea, Borussia Dortmund, Barcelona
Пот 2: Arsenal, Bayer Leverkusen, Atlético Madrid, Benfica, Atalanta, Villarreal, Juventus, Eintracht Frankfurt, Club Brugge Пот 3: Tottenham Hotspur, PSV Eindhoven, Ajax, Napoli, Sporting CP, Olympiacos, Slavia Prague, Bodø/Glimt, Marseille
Пот 4: Copenhagen, Monaco, Galatasaray, Union Saint-Gilloise, Qarabağ, Athletic Club, Newcastle United, Pafos, Kairat Almaty
“Қайрат” Чемпиондар лигасына қатысатын ең шығыс команда ретінде ерекшеленуде.
Лига фазасының негізгі қағидалары:
– Әр команда 4-тен 8 матч өткізеді: төрт үйде, төрт сыртта
– Әр команда әр поттан екі қарсыласпен ойнайды: біреуі үйде, екіншісі қонақта.
– Ешбір клуб өз елінің командамен кездеспейді, ал бір елден екіден артық қарсылас жоқ.
Жеребе рәсімін UEFA-ның ресми сайты мен YouTube арнасынан тамашалауға болады. Сондай-ақ QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.