УЕФА басшылығы Еуропалық Суперлиганы қайта жандандыруға талпынып жүрген A22 Sports Management компаниясымен бейресми кездесулер өткізгенімен, Чемпиондар лигасының қазіргі форматы өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді.
Ұйымның бас хатшысы Теодор Теодоридис бірнеше рет A22 компаниясының негізін қалаушылардың бірі Анас Лаграримен ашық жерлерде кездескен. Алайда бұл кездесулер ресми келісімдерге немесе нақты шешімдерге әкелмеді.
УЕФА бұған дейін жаңа маусымнан бастап турнир форматына ұсақ түзетулер енгізуді жоспарлағанымен, соңғы мәлімет бойынша құрылым түбегейлі өзгермейді.
Алдыңғы ұсыныстардың бірі бойынша топтық кезеңде 36 команда екі ірі топқа бөлінуі тиіс еді:
Алайда УЕФА бұл нұсқаны қабылдамай, қазіргі жүйені сақтауды жөн көрді.