Еуропа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) алдағы 2012 жылғы футболдан Еуропа чемпионаты кезінде Украина және Польша стадиондарында шылым тартуға толығымен тыйым салынғаны туралы жариялады. Бұл туралы бүгін таратылған УЕФА хабарламасында айтылады.
«УЕФА темекі бұйымдарын чемпионаттың барлық стадиондарында пайдалануға, сатуға және жарнамалауға тыйым салады», - делінген хабарламада.
УЕФА президенді Мишель Платинидің сөзіне қарағанда, 2012 жылғы еуропа футбол біріншілігі шеңберінде шылым тартуға тыйым салу арқылы көрермендер мен турнирді өткізуге қатысушылардың денсаулығына қамқорлық жасалмақ.