УЕФА-ның баспасөз қызметі 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Бельгия – Қазақстан (6:0) матчының үзіндісін жариялады.
Көрсетілген эпизодта Бельгия капитаны Кевин Де Брюйне 42-минутта соққан алғашқы гол бейнеленген. УЕФА ресми аккаунтында бейнемен бірге “КдБ керемет орындады” деген жазба қалдырып, оны күлкілі смайликпен толықтырды.