УЕФА Қазақстандық клубтардың матчтарына төрешілерді тағайындады

12.07.2025, 14:30

УЕФА Еурокубоктардың алғашқы іріктеу кезеңіндегі Қазақстандық клубтардың қарымта матчтарына қызмет көрсететін төрешілер тобын бекітті.

УЕФА Қазақстандық клубтардың матчтарына төрешілерді тағайындады
Matteo Marchetti

15 шілде күні Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының “Қайрат” пен Словениялық “Олимпия” арасындағы ойынына Италиялық төрешілер тағайындалды. Бас төреші Маттео Маркетти, оған көмекшілер ретінде Алессио Берти мен Валерио Коларосси қызмет етеді. Төртінші төреші Кевин Боначина. Ал VAR жүйесіне Лука Пайретто мен Розарио Абиссо жауапты болады.

17 шілде күні Ақтөбедегі “Қобыланды батыр” стадионында өтетін Еуропа лигасының “Ақтөбе” & “Легия” матчын Швециядан келген төрешілер басқарады. Бас төреші Гранит Македонци, көмекшілері Макс-Робин Вильде мен Маркус Клитте. Қосалқы төреші Ади Аганович. VAR жүйесін Италиялық Джанлука Аурелиано мен Даниэле Патерна жүргізеді.

Сол күні, 17 шілдеде, Шымкенттік “Ордабасы” Грузияның “Торпедо” клубымен Конференциялар лигасының қарымта матчын өткізеді. Бұл кездесуді Болгариядан келген төрешілер қадағалайды. Бас төреші Никола Попов, көмекшілері Георгий Тодоров пен Георгий Дойнов. Төртінші төреші Радослав Гидженов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×