УЕФА КУБОГЫ. ЭЛИТАЛЫ ТОПТА ЕКІ ҚАЗАҚ КОМАНДАСЫ. «ТҰЛПАР» — КЕЛЕСІ КЕЗЕҢДЕ

06.10.2013, 01:59
УЕФА КУБОГЫ. ЭЛИТАЛЫ ТОПТА ЕКІ ҚАЗАҚ КОМАНДАСЫ. «ТҰЛПАР» — КЕЛЕСІ КЕЗЕҢДЕ
тұлпар Футзалдан УЕФА кубогы негізгі раундында ойнаған қарағандылық «Тұлпар» командасы элиталы кезеңге шықты. «Тұлпар» алғашқы екі ойында украиналық «Локомотивпен» және италиялық «Марко» командасымен 2:2 есебімен тең түсті. Ал соңғы шешуші ойында Париждің «Спортинг» командасының қақпасына алты гол салды. Француздар бар болғаны бір доппен жауап қайтарды. Осылайша, «Тұлпар» екінші орынмен элиталы топқа өтті. Бұл топта былтырғы УЕФА кубогын иеленген алматылық «Қайрат» командасы да бар. ДАЙЫНДАҒАН: ЕРНАТ  ТЕМІРБЕКОВ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×