УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы "Атлетикоға" қарсы өткен жауапты матчты қорытындылай келе, Мадридтік "Реалдың" үш ойыншысына қатысты санкция жариялады. AS басылымының хабарлауынша, шабуылшы Килиан Мбаппеге 30 мың еуро, қорғаушы Антонио Рюдигерге 40 мың еуро, ал жартылай қорғаушы Даниель Себальосқа 20 мың еуро көлемінде айыппұл салынған.
Футболшылар қарсылас жанкүйерлерін арандатты деп айыпталды. Бұдан бөлек, УЕФА атынан өтетін жарыстарда тәртіп бұзушылық қайталанатын болса, олардың барлығына бір матчтық шартты дисквалификация беріледі.
"Реалдың" қорғау тарабы ойыншылардың әрекетін жанкүйерлердің алаңға зат лақтыруына жауап ретінде болғанын алға тартқанымен, апелляция қабылданбады.