УЕФА-ның элиталық раундында ел намысын “Қайрат” қорғамақ

11.11.2011, 02:55
УЕФА-ның элиталық раундында ел намысын “Қайрат” қорғамақ
Қарашаның 17-20 аралығында Мәскеуде футзалдан УЕФА кубогының элиталық раунд кездесулері өтеді. Бұл байрақтыб әсекеде еліміздің намысын АлматыныңҚайратклубы қорғамақ. Еліміздің ғана емес, Еуропаның маңдайалды клубтарының санатына жататын “Қайрат” бұл сайыстың топтық кезеңінен бастап бәйгеге түспек. Былтыр Алматыда өткен ақтық кездесулерде үшінші орынан көрінген Жоао Барбоза шәкірттері биыл да аянып қалмасы анық. Алайда осы жолғы топтық кезеңді өткізу құқына ие болған мәскеулік “Динамоның” да кубоктан дәмесі зор. Сапына кіл бразилиялық легионерлер мен ұлттық құраманың белді ойыншыларынан жасақталған “Динамо” қашанда өз жанкүйерлерін жерге қаратпауға тырысатыны белгілі. Сондай-ақ кезінде Бельгияның атышулы “Акьсеон 21” клубының негізінде құрылған “Шателино” клубы іріктеу кезеңінде қарсылаын  шыдатпаған. Тек Сербияның “Экономац” клубы біз үшін әзірге беймәлім болып тұр. Қалай айтсақ та,  УЕФА кубогының топтық кезеңіне әлжуаз команда шықпайтынын ескерсек,  “Қайраттың” жарыс жолы оңай болмас. Мамандар қазірдің өзінде жалғыз жолдама мәскеулік клуб пен “Қайрат” арасында өрбиді деп болжам айтуда. Ал  өз кезегінде сөз алған алматылық клубтың президенті Серік Жаманқұловтың жарақаты болмаса, алдағы матч үшін «алаңдаудың қажеті жоқ»деп санайды. Қайрат Оразақов, “Қайрат”  клубының президенті: - Серік Жаманқұловқа келер болсақ,  өкінішке  қарай,  ол аяғын шығарып алған. Элиталық раунд алдында толық айығып кетуі де екіталай. Егер жолымыз болып жатса, біз оны финалдық бәсекеде көреміз. УЕФА кубогында екі мәрте қола жүлде салған “Қайрат” биылғы маусымға да өзіндік жоспарлары бар. Топтық кезеңнен сүрінбей өтсек Еуропа футбол қауымдастығы биыл да Алматыға финалдық бәсекелерді өткізуіді құптап отыр. Үлкен футболдағы кеткен есемізді кіші футболда қайтаратын уақыт алыс емес. Футболдан Португалия ұлттық құрамасы 2012 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы сарапқа түсетін  қосымша  матчқа соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Өз тобындағы шешуші кездесуде Данияға 2:1 есебімен ұтылған Паулу Бенту шәкірттері ертең Босния  құрамасына қарсы алғашқы бәсекесін өткізеді. Петербордың “Зениті” сапында доп тебетін жартылай қорғаушы Мигель Данни жоқ демесеңіз,  команда  құрамы толығымен ойынға араласуға әзір. Сондай-ақ   “Реалдың” қорғаушылары Пепе мен Фабио Коентрауда  қатарда . Обидос қаласында соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізген португалдықтардың көңіл күйлері жаман емес. Естеріңізге сала кетсек,   Португалия 2010 жылғы әлем чемпионтанына іріктеу сынында Босниямен кездесіп , екі матчта да 1:0 есебімен басым түскен болатын. Төлеген Жұмабек, Елдос Қамбалиев КТК
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×