УЕФА «Ордабасыны» Еуропа лигасынан 2 жылға шеттетті

25.12.2019, 00:56
УЕФА «Ордабасыны» Еуропа лигасынан 2 жылға шеттетті

Шымкенттің «Ордабасысы» 2020-2021 және 2021-2022 жылғы Еуропа лигасынан шеттетілді деп хабарлайды УЕФА-ның ресми сайты.
Шымкент клубы Fair Play ережесін бұзғаны үшін жазаланып отыр. Сонымен қоса, 100 мың еуро көлемінде айыппұл төлейді. Егер 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін жоғарыдағы сомманы төлеп, 2019 жылдың 30 қыркүйегінен бері кейінге қалдырылған кредиттік қарыз екенін дәлелдей алса, жазадан құтылуға мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, Fair Play ережесін бұзғаны үшін «Олимпия» 75 мың еуроға, Сербияның «Црвена Звездасы» 50 мың еуроға жазаланды.

Әзірге УЕФА «Ордабасының» 2020 жылы Еуропа лигасына қатысатынын не қатыспайтынын анықтап айтқан жоқ. Өткен маусым қорытындысы бойынша Кахабер Цхададзе шәкірттері ҚПЛ-да 3-орын алған еді.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы да «Ордабасы» қарыздар болғандықтан аталған бәсекегеден шеттетілген еді. Сол жылы «Тобыл» өнер көрсеткен болатын.

УЕФА 2011-2012 жылдан бастап клубтардың қаржылық кіріс-шығысын реттеу үшін және ұжымдардың жабылып қалмауын қадағалау мақсатында қаржылық Fair Play ережесін бекіткен-ді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×