УЕФА президенті Александер Чеферин ресми іс-сапармен Астанаға келді

25.04.2025, 10:05

24 сәуірде Астанаға ресми іс-сапармен Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті Александер Чеферин келді.

УЕФА президенті Александер Чеферин ресми іс-сапармен Астанаға келді

Сапар барысында Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) кеңсесіне бару жоспарланған. Федерацияның жұмысымен танысып, инфрақұрылым нысандарын аралайды. Сондай-ақ ҚФФ президенті Марат Омаровпен бірқатар маңызды мәселелерді қозғайды.

Айта кетейік, Александер Чеферин мен Марат Омаров ақпан айында Ньондағы УЕФА штаб-пәтерінде жолыққан еді.  Тараптар Қазақстан футболының дамуы жоспарын талқылап, серіктестікті нығайту бағыттарын анықтады.

Александер Чефериннің Қазақстанға іс-сапары қос тараптың өзара жұмысының жоғары деңгейде өтіп жатқаны және УЕФА мен Қазақстан футбол федерациясы ынтымақтастығының нығаюының дәлелі.

ҚФФ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×