УЕФА президенті Қазақстанда

19.04.2025, 13:57

25-сәуірде Астанаға Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті Александер Чеферин ресми сапармен келеді.

УЕФА президенті Қазақстанда
Александр Чеферин

Сапар аясында А. Чеферин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) басшылығымен кездесулер өткізеді.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман мәлімдеген болатын. 

«Бұған дейін Чеферин мырза Қазақстанға келген. Ол кезде «Қайрат» клубының академиясына барған, бірақ ол жеке сапар болды. Ал осы жолы ресми сапар болады», — деді Н. Құрман.

 

Бұл ресми іссапар Қазақстан футболы күніне орайластырылып отыр. Оның барысында келесі мәселелер күн тәртібінде болады:

Қазақстандағы футбол инфрақұрылымын дамыту;

Жастар және ұлттық құрамаларды қолдау;

Ортақ халықаралық жобалар мен бастамаларға жол ашу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×