УЕФА «Реал Мадрид» пен «Ювентусты» Чемпиондар Лигасынан шеттетуі мүмкін

23.04.2021, 04:56
Дәл осы клубтың басшылары Суперлиганы ұйымдастыру барысында басты рөл атқарған еді.
УЕФА «Реал Мадрид» пен «Ювентусты» Чемпиондар Лигасынан шеттетуі мүмкін

Мадридтік "Реал" мен туриндік "Ювентус" Суперлига жобасына қатысқаны үшін ауыр жазаға ұшырауы мүмкін.

AS газеті La Gazzetta dello Sport-қа сілтеме жасап хабарлағандай, УЕФА басшылығы клубтардың әлі күнге дейін бұл турнирден бас тартпағанына наразы. Ұйымның атқарушы комитетінің бірқатар мүшелері қос клубты мүмкіндігінше қатал жазалау керек деп санайды. Олар "Ювентус" пен "Реал Мадридті" келесі маусымда Чемпиондар Лигасынан шеттету керектігін айтты. Қалған командаларды мұндай қатал жаза күтіп тұрған жоқ. Бұл мәселе ертең, 23 сәуірде талқыланатын болады.

Еске салайық, мадридтік клубтың президенті Флорентино Перес пен "Ювентус" басшысы Андреа Аньелли Суперлиганың басты ұйымдастырушыларының қатарында болған. Турнирге "Барселона", "Атлетико", "Интер", "Милан", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед", "Ливерпуль", "Челси", "Арсенал" және "Тоттенхэм" клубтары қатысуы керек еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×