УЕФА клубтардың жаңа рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Елордалық “Астана” 144-ші орынға тұрақтап, Қазақстан командалары арасында көш бастады.
Алматылық "Қайрат” (155) пен Қостанайлық "Тобыл” (198) да үздік 200 команданың қатарына еніп, тұрақтылық танытып келеді. Ал "Ақтөбе” (307) мен "Ордабасы” (309) үшінші жүздіктің басында тұрса, "Қызылжар” (369) мен "Шахтер” (370) төртінші жүздікті түйіндеп тұр.
УЕФА рейтингінен бөлек, Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) да өз қорытындысын шығарған болатын. 2024 жылдың 1 желтоқсаны мен 2025 жылдың 30 қарашасы аралығындағы кезеңді қамтитын әлемнің үздік 500 клубының тізіміне Қазақстаннан "Қайрат” енген еді. Алматылық клуб жаһандық рейтингте 240-шы орынды иеленген.