УЕФА Ресейді жарыстарға қайтара алмай отырғанын түсіндірді

23.09.2025, 19:00

Ресей футбол одағының (РФС) бас хатшысы Максим Митрофанов Ресей клубтары мен ұлттық құрамасының халықаралық ареналарға қайта оралу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

УЕФА Ресейді жарыстарға қайтара алмай отырғанын түсіндірді

Оның айтуынша, 11 қыркүйекте Тиранада өткен УЕФА Атқару комитетінің отырысында Ресейдің турнирлерге қатысуы қаралғанымен, нақты шешім қабылданған жоқ.

"УЕФА президентінің ұстанымын өздеріңіз де естідіңіздер. Ол бұл мәселеге байланысты бұрын-соңды болмаған қысымға ұшырап отырғанын айтты. Бүгінгі әлемдік жағдай бәрімізге белгілі. Кейбір елдер визалық талаптарды қатаңдатып жатыр, бұл да футболдағы ынтымақтастыққа тікелей әсер етеді. Команда қалай сапарға шығады, егер шекарадан өте алмаса? Сондықтан қазіргі қалыптасқан жағдайда қала беріп отырмыз.” – деді Митрофанов "ВсеПроСпорт”-қа берген сұхбатында.

Осылайша, Ресейдің Еурокубоктар мен халықаралық жарыстарға оралуы әлі де белгісіз болып отыр. Саяси және визалық шектеулер бұл үдерістің басты кедергілерінің бірі болып қала беруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×