УЕФА сырт алаңда соғылған гол ережесін алып тастады

25.06.2021, 01:32
Бұл ереже іріктеу кезеңіндегі ойындарда да қолданылатын болады.
УЕФА сырт алаңда соғылған гол ережесін алып тастады

УЕФА барлық клубтық жарыстардағы сырт алаңда соғылатын гол ережесін алып тастады. Бұл өзгеріс 2021/22 жылғы маусымнан бастап күшіне енеді.

Келесі маусымнан бастап, екі матчтағы голдар саны тең болған жағдайда, командалар 15 минуттан екі экстра-тайм өткізеді, егер қосымша таймда соғылған голдар саны да тең болса (немесе мүлдем гол болмаса), пенальти сериясына куә боламыз.

Аталмыш ереже Чемпиондар Лигасы, Еуропа Лигасы, сондай-ақ Конференция Лигасының іріктеу кезеңіндегі ойындарда да қолданылатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×