Еуропа футболында ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болатын Александр Чефериннің УЕФА төрағалығындағы өкілеттігі 2031 жылға дейін созылуы мүмкін.
Бұл туралы The Independent мақала жариялаған. Британдық таблойдтың айтуынша Чефериннің 2027 жылы қайта сайлауға түсуін Еуропа қауымдастығына мүше елдердің басым көпшілігі қолдап отырғанын жеткізген. Оның кандидатурасына 55 ұлттық қауымдастық басшыларының 35-і дауыс беруге дайын көрінеді. Бірақ, словениялық футбол менеджері осы жылдың басында өткен конгрессте УЕФА-дағы өкілеттігін созуға ниеті жоқ екенін айтқан болатын. Алайда, сайлау мерзімі жақындаған сайын Александр Чеферин бұл райынан қайтып, “жылы орнын” 2031 жылға дейін ешкімге бермейтін секілді. Иә, сайлау Қазақстанда ғана емес, Еуропа футболында да аса қатты әділ өтпейтін сияқты...
Біздің серіктес: FONBET