УЕФА төрт клубты жазалауы мүмкін

16.04.2022, 17:38
Ширек финалда ереже бұзған төрт клуб УЕФА назарынан тыс қалмады.
УЕФА төрт клубты жазалауы мүмкін

УЕФА еурокубоктік бәсекенің ширек финалдық матчтары кезінде ереже бұзған командаларды жазалауы мүмкін, деп хабарлайды Marca.

Дереккөздің айтуынша, «Манчестер Сити», «Атлетико Мадрид», «Барселона» және «Айнтрахт» ұйымның назарына іліккен.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Атлетико» - «Манчестер Сити» матчы кезінде футболшылар арасында кикілжің орын алған болатын. Кездесу аяқталған соң да қос команданың ойыншылары жанжалдасқан екен.

Еуропа лигасының 1/4 финалында «Барселона» мен «Айнтрахт» арасындағы ойында жанкүйерлерге қатысты мәселе туындады. Матчты германиялық клубтың 30 мыңға жуық жанкүйері стадионнан тамашалады. Ережеге сәйкес, стадиондағы қос команданың жанкүйерлері бір-бірінен алшақ орналасып, араласпауы тиіс. «Айнтрахт» өз кезегінде сырт алаңдағы матч кезінде жанкүйерлер саны бес пайыздан аспауы керек деген ережені бұзды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×