УЕФА ҰЛТТАР ЛИГАСЫНЫҢ КҮЗДЕГІ ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Қазақстан футбол федерациясы кеңсесінде УЕФА Ұлттар лигасының күздегі ойындарына толыққанды дайындық жұмысы жалғасып жатыр, - деп жазады KFF.kz сайты.

УЕФА ҰЛТТАР ЛИГАСЫНЫҢ КҮЗДЕГІ ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов команданың дайындығына кірісіп, бапкерлер штабы оқу-жаттығу жиынының дайындық жоспарын түзді. 

Ұлттық құрамаға үміткер футболшыларға талдау жұмысына аса назар аударылды. Бапкерлер штабы олардың әрқайсымен және жаттықтырушыларымен жеке байланыс орнатты. Дайындық барысында зум-конференциялар өтіп, ойындарына талдау жасалынып жатыр. 

Тамыз айының басында Станислав Саламұлы «Астана» – «Милсами» (1 тамыз), «Қайрат» – «Елімай» (3 тамыз), «Астана» – «Тұран» (4 тамыз) матчтарын стадионнан тамашалап, Ұлттық құрама футболшыларының ойынын бақылайды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×